Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаппай қуғын-сүргін жылдары 1 миллионнан астам адам Қазақстанға көшірілді – тарихшы

2021 жылдың 6 қазан 2021 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық мемлекеттік архивтің 13 қорында мың жарымға жуық істе депортацияланған халықтар туралы материалдар бар. Бұл туралы қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы Георгий Кан айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық семинардың біздің жұмыс тобымызға арналғаны - біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз Қазақстан тәуелсіздік алғанына, содан кейін депортацияланған халықтарды ақтауға жол ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұл шын мәнінде еліміздің өте ізгілікті маңызды қадамы және Елбасы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа осындай жұмыс тобының толық ақтау бойынша жұмыс істеп жатқаны үшін өте ризамыз. Өйткені мұндағы негізгі сөз – толық ақтап шығару. Бүгінгі таңда біз орталық мемлекеттік архивтің құжаттарына талдау жасадық. Орталық мемлекеттік архивтің 13 қорында мың жарымға жуық істе депортацияланған халықтар туралы материалдар бар екенін айта аламын. Бұл, әрине ең алдымен Халық Комиссарлары Кеңесінің, НКВД-ның қоныс аудару бөлімінің, халық комиссариатының қоныс аудару бөлімінің және басқалардың материалдары», - деді Г. Кан Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтар мен арнайы қоныс аударғандар жөнінде материал жинау бойынша тәжірибе алмасу семинарында.

Оның айтуынша, материалда жоғарыда аталған құжаттардың толық сипаттамасы берілген.

«Қазіргі уақытта құжаттардың сипаттамасы жүйеленген, Президент архиві цифрландырылған. Біз өз материалымызда цифрландырылған деректерден 9 жинақ береміз. Онда немістер, кәрістер, шешендер, ингуштер және поляктар бойынша ақпарат бөлек-бөлек берілген. Қалғандары – жиынтық құжаттар. Сондықтан бүгінгі күні бұл мәселе құжаттар бойынша зерделенді. 1 053 525 адам. Бұл сандар архив құжаттары бойынша шығарылды. Архив құжаттары бойынша жаппай қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға 1 053 525 адам жер аударылды», - деп толықтырды Георгий Кан.


Жоғары қарай