Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаппай ереуілдер кезінде залал келген кәсіпкерлерге төлемақы қашан беріледі

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жаппай ереуілдер кезінде бизнесіне залал келген кәсіпкерлерге мемлекеттік төлемақының қашан беріле бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы аптада барлық өңірдегі палатаның кеңес жиыны өтеді. Ол жиында 2 мәселе қарастырылады. Бірінші, Атамекеннің болашақ дамуына қатысты ұсыныстар. Екінші, кәсіпкерлердің өз сұрақтары, бизнесті қалай дамытамыз, кәсіпкерлердің Үкіметке қандай ұсыныс, сұрақтары бар. 17 өңірде кеңес өткен соң, жұмыс тобы құрылады. Оған еліміздің әр өңірінен 2 адамнан сайланады. Одан бөлек, жұмыс тобына қатысам деген сала мамандары мен сарапшылар болса есік ашық. Аталған жұмыс тобы 1-1,5 ай бойы отандық кәсіпкерлікті ілгерілету ұлттық палатаның жұмысын жетілдіру жолын іздейді. Және олардың жұмысы әлеуметтік желі арқылы ашық жария етіледі», - деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Facebook парақшасындағы тікелей эфир барысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұсыныстар палатаның кезекті съезінде қаралады.

«Қаңтар оқиғасы кезінде кәсіпкерлікке айтарлықтай залал келді. 1700-ге жуық кәсіпкерлік нысан қирады, оның 92 пайызы Алматы қаласына тиесілі. Өз кезегімізде жедел желі құрып, кәсіпкерлермен байланысты болып, шұғыл ақпарат алып отырдық. Біздің колл-орталыққа 10 мыңнан астам ақпарат келіп түсті. Оның бәрін Үкіметке тікелей жеткізіп отырдық. Сондай-ақ, біз Үкіметке бизнеске келген шығынды өтеу жолына қатысты нақты ұсыныс бердік. Ол ұсыныстарды Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия қарап, бекітті. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнесіне залал келген жандар infokazakhstan.kz сайты арқылы өтініш қалдыра алады. Бүгінде сайт арқылы 195 өтініш келіп түсті, оның 88 пайызы Алматыдан. Кәсіпкерлердің өтінішін қалалық комиссия қарап жатыр. Сондықтан алдағы 1 айдың ішінде кәсібіне зиян келген жандар төлемақы ала бастайды деген сенімдеміз», - дейді ол.


Жоғары қарай