Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жапонияда XIV ғасырда тұрғызылған қамал күлге айналды

2019 жылдың 31 қазан 2019 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияда XIV ғасырда салынған Сюри қамалы түгелдей өртеніп, күлге айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Жапонияның Окинава преферектурасында құнды тарихи жәдігерліктердің бірі – Сюри қамалы жанып кетті. Жапон бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жалын 11 сағат бойы басылмаған.




Өрт бейсенбіге қараған түнде орталық ғимараттың залында басталған. Ол кезде ішінде жан болмаған, сондықтан ешкім зардап шекпеген. Жалпы 6 мың шаршы метрді жалын шарпып, жеті ғимаратты күлге айналдырған.




Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, өрт тұтанардың алдында қамалда Рюкю мемлекетінің мәдени фестивалі болған. Қазір апат себептері анықталып жатыр.

XIV-XV ғасырларда салынған Сюри қамалы көне Окинава мәдениетінің басты символдарының бірі еді. Оны 2000 жылы ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне кіргізген болатын.










Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай