Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапонияда күнделікті COVID-19 жұқтырғандар саны алғаш рет 9 мыңнан асты

2021 жылдың 28 шілде 2021 23:50

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат - Жапонияда коронавиру жұқтырғандардың күнделікті жалпы саны сәрсенбіде алғаш рет 9 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Астанада 3177 адамның COVID-19 жұқтырған жағдайы тіркелді, бұл екінші күн қатарынан рекордтық көрсеткіш болып отыр. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 8 қаңтарда тіркелген еді (7 958 жағдай). Инфекциялардың өршуі коронавирустың өте жұқпалы Дельта нұсқасының таралуына байланысты болып отыр.

Сәрсенбіде бүкіл ел бойынша күн сайынғы індетке шалдыққандар саны 9583-ке жетті.

Жапонияның ұлттық инфекциялық институтының дерегінше, қазіргі уақытта Дельта нұсқасы мегаполистердегі инфекцияның 70 пайызын құрап отыр.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар COVID-19 қарсы тиісті шаралар қабылдауға уәде берді. Сондай-ақ спортшылар арасында коронавирус жұқтырғандар саны өте аз екенін атап көрсетті.

Ал жұма күні үкімет отырысы өтіп, онда үш префектурада төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылданбақ.

Соңғы төрт күн ішінде бірінші рет Олимпиаданы ұйымдастырушылар спортшылардың COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны туралы хабарламады.


Жоғары қарай