Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапонияда 84 жастағы әйел көлікпен ғимараттың әйнек қабырғасын қиратып өтті

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 10:26

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның шығысындағы Мацудо қаласында жеңіл автокөлік жергілікті клиника ғимаратын соғып, әйнек қабырғаны қиратып өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде екі адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

45 жастағы клиника науқасы мен автокөлікті басқарған 84 жастағы әйел жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастады.

Соңғы жылдары Жапонияда егде жастағылардың қатысуымен болған жол апаты жиілеп кетті. Осыған байланысты жергілікті полиция егде жастағы адамдарды сенімсіздік болған жағдайда көлік жүргізу құқығынан өз бетінше бас тартуын сұрайды.


Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Жапония,
Жоғары қарай