Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жапония мен Польшада коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

2020 жылдың 1 тамыз 2020 09:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония мен Польшада коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

Токио губернаторы қалада Covid-19 жылдам таралып жатуына байланысты төтенше жағдай енгізу мүмкін екендігін айтты.

Тек өткен жұма күні Жапония астанасында коронавируспен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, бір тәулікте 450-ден адамнан коронавирус анықталды.

Қауіпті вируспен ауырғандардың рекордтық көрсеткіші Польшада да тіркелді. Елде екінші күн қатарынан ауырғандар саны артқан. Мәселен, Польшада жұма күні 657 ауырған адам тіркелсе, бейсенбі күні ол көрсеткіш 615 болған.








Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай