Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапония коронавируске тест жасайтын роботтар құрастыруда

2020 жылдың 4 маусым 2020 02:11

НҰР-СҰЛТАН-ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапониялық компания медицина қызметкерлері арасында коронавируске шалдығу оқиғаларының санын азайту мақсатында ПТР-тест жүргізетін роботталған жүйені құрастыруда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Жапониялық БАҚ-тардың мәліметінше, роботталған жүйе бірнеше роботтан тұратын болады. Біріншісі адамнан анализ алады. Екіншісі биоматериалды зерттеу құрылғысына салады. Ал үшіншісі реагенттермен жұмыс істейді.

Роботтарды «Kawasaki Heavy Industries» және «Sysmex»-тің бірлескен компаниясы ойлап тапқан және олар осында құрастырылмақ.

Жапония компаниясының өкілдері атап өткендей, басты элемент науқастардан анализ алу болып табылады. Себебі бұл дәрігерлерге COVID-19-ға ПТР-тестілеуді қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде індетті жұқтырып алу қаупін азайтады.

Роботтардың өндірісі қолға алынған Кобе қаласында билік өкілдері компанияға 460 мың доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетпек. Сондай-ақ ауруханалар мен өзге де мекемелерде сынақ алаңдарын ұсынады.


Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай