Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жапония Қазақстанның бұрынғы елшілерін мемлекеттік орденмен марапаттады

2021 жылдың 5 қараша 2021 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапония Үкіметі Ұлы Мәртебелі Император Нарухитоның атынан Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдиновты және Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевты «Күншығыс, Алтын және Күміс Жұлдыз орденімен» марапаттады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР-дың Жапониядағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің сайтында отандық дипломаттардың Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлестері үшін марапатталғаны атап көрсетілген.

А. Камалдинов 2007-2016 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі, 2016-2018 жылдар аралығында Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Е. Баударбек-Қожатаев 2016-2021 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып, 2017-2021 жылдар аралығында Жапонияның Токай университетінде шақырылған профессор қызметін атқарған.
Марапатталған дипломаттар жапон және ағылшын тілдерін меңгерген.


Жоғары қарай