Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапония 4,4 млрд доллар сомасында «вакцина қорын» құрмақ

2021 жылдың 13 қазан 2021 23:35

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат - Үкіметтегі дерекөздер сәрсенбіде Жапонияның жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар мен жаңа препараттар шығаратын фирмаларды қолдау үшін 500 миллиард иен (4.4 миллиард доллар) қорын құруды жоспарлап отырғанын мәлім етті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Фумио Кишида үкіметтің коронавирусқа және Жапонияның ғылымы мен технологиясына реакциясын күшейтуге уәде берді. Жапондық компаниялар COVID-19 вакциналарын жасауда шетелдік бәсекелестерден артта қалып, ел шетелдік дозаларға сенуге мәжбүр болған кезде бұл қорды құру идеясы пайда болған.

Дереккөздердің мәліметіне қарағанда, 31 қазанда төменгі палатаның сайлауынан кейін жасалатын экономикалық пакет аясында үкімет зерттеулерді күшейтуді және Жапонияны ғылым мен технологиялар еліне айналдыру мақсатында «университет қорын» 600 миллиард иенге кеңейтуді көздеп отыр.

4,5 триллион иендік қор жапон университеттерінің болашақ зерттеулеріне инвестиция салуы үшін наурыз айына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Кишида оны 10 триллион иенге дейін көбейтуді мақсат етеді.


Басты сөздер: Жапония, Вакцина,
Жоғары қарай