Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапондық туристер Байқоңырдан ғарышқа ұшады

2021 жылдың 16 қазан 2021 22:05

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағынан пилоттық жүк кемесін ұшыру 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) «Союз МС-20» кемесімен ғарышқа ұшудың қатысушылары – жапондық кәсіпкер




Юсаку Маэзава және оның көмекшісі Йозо Хирано аттануы тиіс. ХҒС-қа 20-шы экспедицияның командирі – ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин. Жапония өкілдері ғарышқа туристер ретінде ұшады. Олардың Жұлдызды қалашықта Ғарышкерлерді даярлау орталығындағы жаттығулары маусымда басталған, қазан айының ортасына қарай ұшуға қатысушы жапондықтар дағдыларын таныта білді. Бұған ЭП-20 экипажының жаттығу процесін тамашалаған ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдері көз жеткізді.
«Маған ең қатты әсер еткені – салмақсыздықтағы жаттығулар, бұл ештеңемен салыстыруға келмейтін сезім», - деді Юсаку Маэзава тілшілерге берген сұхбатында.
Ресей қаһарманы, ғарышкер Александр Мисуркин экипаждағы жолдастарының қабілеті мен адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалады.





Байқоңыр ғарышайлағынан ЭП-20 экипажы бар «Союз МС-20» пилоттық жүк кемесін ұшыру 2021 жылдың 8 желтоқсан күніне белгіленген.
Ұшу ұзақтығы 12 тәулікті құрайды. Осы арада, 17 қазанда ғарышқа ұшудың басқа қатысушылары – актриса Юлия Перисильд пен ресжиссер Клим Шипенкод және ғарыш кемесінің командирі, ғарышкер Олег Новицкийден құралған алғашқы киноэкипаждың ғарыштан Жерге оралуы күтіліп отыр.
Басты сөздер: Туризм, Жапония, Байқоңыр,
Жоғары қарай