Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Жансейіт Түймебаев ҚХА ғалымдарымен кездесті

2019 жылдың 15 наурыз 2019 16:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев бір топ ғалыммен кездесті. Олардың ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚХА кафедрааралық ғылыми білім беру орталығы ғалымдары және Алматы қаласы ҚХА ғылыми сарапшылар тобының мүшелері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХА төрағасының орынбасары күн тәртібін ескере отырып, әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру үдерістеріне қатыстылығын қалыптастыру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуге ҚХА ғылыми сараптамалық құрамын тартудың маңызы болып табылатынын атап өтті.

«Келісім мен бейбітшілік салтанат құрған кез-келген елде тұрақты экономикалық даму болмақ. Бүгінде алға қойылған міндеттерді шешуге барынша мұқият болу керек. Ең бастысы осыны халыққа дұрыс жеткізу маңызды», - деді Жансейіт Түймебаев.

Одан бөлек, ол ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің негізгі міндеттері туралды айтып берді. Атап айтқанда, ҚХА ғылыми сараптама құрамының қызметі болашақта екі бағытта болуы тиіс.

Ең алдымен ғылыми қауымдастық оқиғалардың даму үрдісін болжап, шұғыл жұмыс істеуге, кемшіліктерді байқап, келеңсіз жайлардың алдын алуы тиіс.

Екінші бағыт - ҚХА жұмысын ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету. Ол үшін проблемалық мәселелер бойынша әлеуметтік ғылымға негізделген зерттеулер, оның ішінде әлеуметтік өлшемдер негізінде жасалған зерттеулер қажет.

Жансейіт Түймебаев ҚХА ғылыми сараптамалық тобына 10 жыл толғанын айтты.

«Осыған байланысты үлкен ғылыми конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде барлық өңірде 17 ғылыми эксперттер тобы жұмыс істеп жатыр. Оларға 262 ғалым, сарапшы кіреді. Бұл керемет әлеует», - деді ол.

Жоғары қарай