Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жансая Әбдімәлік үнді суперлигасында өз командасына жеңіс әкелді

2021 жылдың 18 қазан 2021 16:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 қазан күні қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік бірінші үнді суперлигасында өзінің Pivotal Pawns командасына чемпиондық жеңіс әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айналмалы ойын жүйесі бойынша бес күндік іріктеуден кейін алты команданың ішінде ең мықты төртеуі: Pivotal Pawns, The Kingslayers, Brutal Bishops және Ruthless Rooks нокаутта күш сынасқан.

Бірінші ойында Pivotal Pawns-тың The Kingslayers командасымен ойыны 3:3 есебімен аяқталды, ал Brutal Bishops командасымен өткен екінші матчта Pivotal Pawns 2:4 есебімен жеңіске жетті.

Одан кейін The Kingslayers командасымен екі тең ойын өтті.

Осылайша, жеңімпазды анықтау үшін әйелдер арасында армагеддон белгіленіп, онда Жансая қарсыласы – Грузия шахматшысы, гроссмейстер Нана Дзагнидзені (The Kingslayers) ұтты.

Еске сала кетсек, 11-17 қазан күндері үнділік стендап-әзілкеш, шахмат тримері Самай Райна, Nodwin Gaming ойындар шығару және киберспорт жарыстарын өткізу компаниясы, сондай-ақ Үндістанда шахмат туралы ең ірі жаңалықтар порталы ChessBase India-ның ұйымдастыруымен бірінші үнді суперлигасы өткізілді.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай