Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады

2019 жылдың 6 қараша 2019 23:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) 9 қарашада өтетін айқасын «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 қараша күні «Хабар» арнасы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетеді. Жеңісті күнде жолыққанша», - деп хабарланды Janibek_alimkhanuly_team парақшасында.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізетіні бұған дейін хабарланған болатын. 26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын 9 қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды.

Ол соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғаған болатын.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, БАҚ, Бокс,
Жоғары қарай