Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегін қазақстандық телеарна көрсетеді

2022 жылдың 13 мамыр 2022 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәнібек Әлімханұлы командасы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететіні туралы видео-анонс жариялады. Трансляция жексенбі, 22 мамыр, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 08:00-де басталады.

Жекпе-жек Лас-Вегаста WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Бұл екі боксшының да әлем чемпионы атағы үшін алғашқы айқасы болмақ.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген – ол француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын.


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай