Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді

2022 жылдың 22 мамыр 2022 08:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Лас-Вегаста (АҚШ) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Жәнібек екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.

Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай