Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионымен айқас алдында коронавирусқа тест тапсырды

2021 жылдың 22 маусым 2021 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жек үшін Лас-Вегасқа ұшуға дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы командасының инстаграм-аккаунтында боксшы және оның қасындағылардың сапар алдында коронавирусқа тест тапсырғаны хабарланды. Сәрсенбі күні олар Невадаға ұшуды жоспарлап отыр. Бейсенбі күні шоу қатысушыларының баспасөз мәслихаты өтпек. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 27 маусым күні таңертең өтеді.

Еске сала кетейік, кештің басты айқасы екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпион, украиналық Василий Ломаченко мен жапондық өкіл Масаеши Накатани арасында болады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай