Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жаңғыру жолы» қозғалысын республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құрған жөн - Президент

2021 жылдың 21 қазан 2021 12:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жаңғыру жолы» қозғалысын Ассамблеяның республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құру мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ассамблея жастармен жүргізілетін жұмысқа баса назар аударуға тиіс. Әрине, бұл салада тәжірибеміз бар. Соны одан ары дамыта берген жөн. Мысалы, Big 7 деп аталған жоба аясында еліміздегі көптеген жастар ұйымы «Жаңғыру жолы» республикалық қоғалысының айналасына топтасты. Олар өңірлердегі жастар ісі жөніндегі кеңестермен және ресурстық орталықтармен байланысын нығайта түсті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бұл жұмысқа тың серпін беру керек.

«Осы орайда «Жаңғыру жолы» қозғалысын Ассамблеяның республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құру мүмкіндігін қарастырған жөн»,- деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай