Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жандарбек Бекшин тұмаудың да қауіпті екенін ескертті

2020 жылдың 22 шілде 2020 20:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Маусымдық тұмау алдында оған қарсы екпе алу керек пе және ол коронавирусқа қалай әсер етеді деген сұрақтарға Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЖРВИ мен тұмауға коронавирус инфекциясы қосылса жағдай өте қиын болады. Біз жедел зертханалық кешенді талдау жасау сұрақтарын қарастырып жатырмыз. Қазір жаңа технологиялар пайда болды. Оларды дер кезінде енгізу үшін уақытымыз бар. ЖРВИ мен тұмаумен ауырғандар санын азайту үшін, тұмауға қарсы вакцинация жасау керек», - деді Бекшин.

Ол коронавирус инфекциясы тәрізді жедел респираторлық және вирустық инфекция кезінде де адамдардың көз жұму жағдайларының болатындығын ескертті.

«Сол себепті бізге жүйелі жұмыс жүргізу керек. Біз бұл мәселелерді талқылап, коронавируспен қатар, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын қарастырып жатырмыз. Бірінші бөлікті жою үшін вакцинация жасау керек. Егер бірінші адам тұмаумен ауырып, оған кейін коронавирус қосылса иммунитет көтере алмайды. Сол себепті біз жақсы вакцинация жасауға дайындалуымыз керек. Егер коронавирус инфекциясы тұмаудың үстіне қосылса кез келген ағзаның екі соққыға шыдауы қиын болады», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.


Жоғары қарай