Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жандарбек Бекшин: Шетелге қарағанда еліміздің демалыс орындары қауіпсіз

2020 жылдың 26 қазан 2020 17:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандықтарға шетелге баруды кейінге қалдыра тұру керек. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 қазаннан бастап әуе бортынан 33 жолаушы түсірілді. Көбінесе Шарм-эль-Шейх курортынан келген (Египет) 14 адамнан, Түркиядан келген 8 адамнан, Біріккен Араб әмірлігінен келген 6 адамнан вирус анықталды. Олардың барлығы инфекциялық стационарларға жатқызылды», - деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер Алматы тұрғындарын шет елге бармай тұру тұруды өтінді.

«Сіздер көріп тұрғандарыңыздай, әлемдегі ахуал күрделеніп келеді. Осыған байланысты осы аймақтарға баруды уақытша жоғаруды ұсынамыз. Біздің елімізде де керемет демалыс орындары бар. Біздегі көрсеткіш төмен болғандықтан ауру жұқтыру қаупі де төмен болады», - деді Бекшин.



Жоғары қарай