Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жандарбек Бекшин Арбат неге жабылғанын түсіндірді

2021 жылдың 27 сәуір 2021 17:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында Арбаттың жабылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Жаяу жүргіншілер аймағында, бірінші кезекте Жібек Жолы, Панфилов, саябақ аймақтарында адамдар көп жиналатыны байқалады. Мыңдаған адам. Елде инфекция тарап жатыр. Фотодеректер тіркелген. Тұрғындар Алмалы әкімдігіне шағымданып жатыр. Заңбұзушылық көп, оның ішінде тыныштықты бұзу және басқалары. Пилоттық жобада шектеу қандай нәтиже беретінін көруді ұйғардық»,-деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар Алмалы әкімдігі шектеу санитария тұрғысынан көшелерде тәртіп орнатуға, сондай-ақ халықтың жиналу жағдайларын тоқтатуға мүмкіндік бергенін айтты.

«Осыған байланысты жақын арада біз Жібек Жолы көшесінде қозғалысты тоқтату жағын, сондай-ақ саябақтарға шектеу енгізу мәселесін қарастырамыз. Адамдар маска режимін сақтамайды, жастар 20-30 адамнан жиналады. Мұндай жағдайда коронвирус жұқтыру жағдайын тұрақтандыра алмаймыз», - деді ол.

Бұған дейін, Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, құжатқа сәйкес демалыс күндері Арбат бойымен серуендеуге тыйым салынған.


Жоғары қарай