Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жандарбек Бекшин Алматыдағы кәсіпорын басшыларымен кездесті

2020 жылдың 20 қараша 2020 21:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалалық кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпорын басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Жандарбек Бекшинге бизнес өкілдері сұрақ қойып, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жүзеге асыруда туындайтын проблемаларды талқылады.

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жиналғандарға кәсіпорындар мен өндірістік объектілердегі санитарлық-дезинфекциялық шаралардың алгоритмін айтты, сонымен қатар қаулыда көрсетілген санитарлық талаптарды түсіндірді.

Жиында көтерілген маңызды мәселенің бірі - қызметкерлердің 50% қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру болды.

«Машина жасау кәсіпорынының басшылары бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әлбетте, қызметкерлердің денсаулығы қашан да маңызды. Бірақ, бізді бір сұрақ мазалайды. Соңғы шыққан қаулыда «жүмысшылардың 30% қашықтан жұмыс істеуге жіберу қажет» делінген. Кейін 50% деп өзгертілді. Біздің сала - ауыр өнеркәсіп. Біз үшін 30% дегеннің өзі көп. Біз тіпті кеңсе қызметкерлерінің 10 пайызын ғана қашықтан жұмыс істеуге жібере аламыз. Бірақ одан көп көрсеткішке шамамыз келмейді. Сондықтан осы жағын ескерсеңіздер», - деді Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма мүшесі Павел Беклемишев.

«Сіздер қашықтықты өлшеу әдістерін қолдана аласыздар. Мұны ірі кәсіпорындарда жасауға болады. Қазір әрекеттер автоматтандырылған және жұмысшылардың мұндай шоғырлануы жоқ. Біз жаңа қаулы дайындаймыз және бөлінуге қатысты өз талаптарымызды ұсынамыз», - деді бас санитар.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин қашықтан жұмыс істеуге кәсіпорынның кеңсе қызметкерлерін жіберу керектігін айтты.

«Бүгін біз мыңдаған адам жұмыс істейтін сала жетекшілерімен кездестік. Бұл кәсіпорындар ең алдымен, аурудың өршуіне жол бермеуі керек. Сақтық шараларын қатаң түрде сақтау қажет. Тек сонда ғана коронавирустың екінші толқынынан жеңіл өтеміз», - деп қорытындылады Жандарбек Бекшин.


Жоғары қарай