Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңбыр, тұман, көктайғақ – сәрсенбідегі ауа райы болжамы

2020 жылдың 21 қазан 2020 01:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қазанда еліміздің солтүстік, оңтүстік-батыс және батысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде және күндіз жаңбыр жауады. Қалған өңірлерде антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда тұман, батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін.

Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с жетеді, тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейуді, түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жел 15 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде минус 1 градус суық болады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай