Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жанар-жағармай бекеттері жұмысын қайта жандандырып жатыр –  Энергетика министрі

2022 жылдың 7 қаңтар 2022 15:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі мұнай-газ өндірісінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Елімізде мұнай-газ өндірісі тоқтатылған жоқ. Бүгінде 3 мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы аталған телеарнаға ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, тек Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемі төмендеген. Оны ведомство басшысы көлік жүруінің шектеуімен байланыстырып отыр.

Сондай-ақ, еліміздің кей өңірлерінде қауіпсіздікті сақтау және интернеттің жоқтығына байланысты сұйытылған газдың сатылуында уақытша шектеудің бары байқалады.

«Елдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты жанар-жағармай бекеттері жұмысын қайта жандандырып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сұйытылған газдың бөлшек саудадағы 1 литрі 50-75 теңгеге дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің шығынын қалпына келтіру үшін, олар өндірушілермен төмен бағамен сатып алу туралы келісімшартты қайта жасайтын болады», - деді министр Мағзұм Мырзағалиев «Хабар 24»-ке берген сұхбатында.


Жоғары қарай