Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңаөзенде жезөкшелер карантин уақытында моншада қызмет көрсеткен

2020 жылдың 6 тамыз 2020 14:08

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Полицейлер сауналарда оңтүстік өңірлер мен Өзбекстаннан келген 21-42 жас аралығындағы 16 қыз-келіншекті ұстады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында түнгі рейд шараларын жүргізген.

5-ші тамыз күні түнгі сағат 23.20-да вокзалдың жанында карантин режимінің шектеулі шараларына қарамастан жұмыс істеген сауна анықталды. Полицейлер саунаның әкімшісі мен 7 қызды ұстады.

Ұсталғандарды кім екенін анықтау үшін Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

Кейін сағат түнгі 23.40 шамасында және 2-лерде «Шаңырақ», «Астана» шағынаудандарында жұмыс істеген сауналардан 9 әйел адам мен әкімшілер ұсталды.

Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, тексеру барысында қыздар моншаға келушілерге интимдік қызмет көрсеткен.

«Жеткізілген барлық қыздар «жезөкшелік» санатына есепке қойылды. Ұсталғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Олар бойынша материалдар Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді», - деді полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.


Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Қоғам, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай