Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жаңаөзенде 14 жасар жасөспірім тоғыз жылға сотталды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 22:10

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде оқушыны пышақтаған жеткіншекке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 6 ай бұрын болған. 9-сынып оқушылары «Шұғыла» шағын ауданында төбелесіп, салдарынан 15 жастағы Қанағат Аманқосов пышақ жарақатынан мерт болды. Бірнеше жерден жарақат алған жеткіншекті дәрігерлер аман алып қала алмады.

Аталған қылмыстық жағдайға байланысты іс қозғалып, іс 3 ай тергеліп, сот үкімі шықты.

«Б есімді жасөспірім ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 7.14-тармақтарымен Маңғыстау облыстық мамандандырылған қылмыстық істер сотымен кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды»,-дейді Жаңаөзен қаласы ПБ ТБ тергеушісі Маңғыстау Джанабев.

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Сот, Оқиға,
Жоғары қарай