Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жаңақорғанда көлік қаққан жаяу жүргінші көз жұмды

2019 жылдың 30 қазан 2019 21:17

ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының орталығында жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші медициналық мекемеде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік жүргізушісі - көршілесТүркістан облысының тұрғыны. Ол өзі рульде болған «Opel Vektra» көлігімен жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден өтпекші болған адамды қағып кетті.

«Алған жарақат салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұған дейін Қызылордада жеңіл көлік жүргіншілер жолағында адам қағып кеткен еді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай