Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңаарқа ауданы тұрғындарына 3 мың доза вакцина жеткізілді

2021 жылдың 16 сәуір 2021 06:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында тұрғындарды жаппай вакцинациялау басталды. Алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпені аудан әкімі алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, 14 сәуірде Жаңаарқа ауданында халықты коронавирусқа қарсы егу басталды. Бірінші болып әкім Юржан Бекқожин, ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Мұсабекова және т. б. екпе алды.

Жаңаарқа ауданына 3 мың доза «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Барлық тұрғындар вакцинациядан өте алады.

Вакцинациялау пункті Жаңаарқа кенті, С.Сейфуллин даңғылы, 63 мекенжайы бойынша орналасқан. Егу кабинеті күн сайын 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді (демалыссыз).











Жоғары қарай