Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа мамандықтар атласы 90% дайын – Саясат Нұрбек

2020 жылдың 29 қазан 2020 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – BTS Digital білім жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек жаңа мамандықтар атласын тегін көруге болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа мамандықтар атласын құру жұмысына өнеркәсіптік одақтардың, салалық қауымдастықтардың, профильді министрліктердің 2 мыңға тарта сарапшысы тартылды. Контент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Кез келген саланы, трендті, базалық дағдыларды таңдап алуға мүмкіндік бар. Мамандықтардың көбі жалпы кез келген маманға гибридті дағдыларды талап ете бастайды. Цифрлық дағлыларға деген жаңа талаптар пайда болды», - деді Саясат Нұрбек онлайн режимде «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар және инновациялар» форумында.

Оның айтуынша, жаңа мамандықтардың бәрініің толық каталогы (439 мамандықтан тұратын) дайын болған. Саланы таңдай отырып, оларды шолып шығуға болады.

«Атластан бөлек біз кәсіп бағдары бойынша цифрлық платформаны әзірледік. Тестілеу циклінен өткеннен кейін оқушы немесе абитуриент белгілі бір мамандық бойынша нақты кеңес ала алады. Атласта бүкіл саланың толыққанды сипаттамасы берілген. Мәселен егер тау-кен металлургияны таңдап алсаңыз, осы сала толыққанды сипатталады, сала мен трендтің өзгерісі баяндалады. Жаңа, трансформацияланған және жоғалып бара жатқан мамандықтардың үш бөлімі көрсетілген», - деді ол.

Саясат Нұрбек бұл ұлттық жоба болғандықтан халыққа тегін болатынын жеткізді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Жұмыспен қамту, Білім,
Жоғары қарай