Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: ШҚО-да үйірмелерге 15 баладан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 21:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында үйірмелерге 15 баладан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ,ас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Онда жазылғандай, бүгінде өңірде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толу деңгейі – 17,7%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,974.

«Медициналық-әлеуметтік объектілердің және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтарының жұмысына рұқсат берілді. Алайда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс. Секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары келушілер арасындағы қашықтықты сақтау шартымен жұмыс істейді. Сондай-ақ бір топта 15 баладан аспауы керек», - делінген құжатта.

Арнайы білім беру ұйымдарының да (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары) жұмысына рұқсат берілген.

Сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.


Жоғары қарай