Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: ШҚО-да сенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

2021 жылдың 27 тамыз 2021 19:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 10 қыркүйекке дейін созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 10 қыркүйекке дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«28 тамыздан бастап жексенбі және мереке күндерінен басқа күндері қалалар мен елді мекендер ішінде қоғамдық көліктің қатынауына рұқсат берілді. Ал жексенбі және мереке күндері автобустар сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін, ал кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін технологиялық процестің үздіксіз циклы бар кәсіпорындардың жұмыскерлерін жеткізу үшін жұмыс істейді», - делінген құжатта.

Демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне сағат 00.00-ге дейін, жоба көшбасшыларына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.


Жоғары қарай