Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаңа қаулы: Қазақстанда Пфайзер вакцинасы 12 жастан асқан адамдарға да егілетін болды

2022 жылдың 26 наурыз 2022 01:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жаңа қаулығы сай, профилактикалық екпелерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын енгізуге ерекше күшті реакция дамыған жағдайларда вакцинацияны вакцинаның осы түрімен аяқтау жүргізілмейді. Бұл ретте 3 айдан кейін егілушінің қалауы бойынша КВИ-ге қарсы вакцинаның басқа түрін қолдана отырып, вакцинацияның толық курсын қайталап жүргізуге болады.
Сондай-ақ, КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинацияның екінші дозасымен егілуіне болады.
Бұл ретте, егер азамат КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21 күнге дейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізіледі және вакцинация курсы аяқталады. Егер азамат КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21-ші күні және одан кейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізілмеуі мүмкін және вакцинация курсы аяқталады.

Одан бөлек, Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі.

Бұл ретте, вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі.

КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулер курсын қайта жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде жол беріледі.

КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады.

Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды вакцинациялау үшін КВИ-ға қарсы вакцинациялауды үйге барып жүргізу ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға 12 жастан асқан адамдар, оның ішінде Қазақстанның аумағында 3 және одан да астам ай тұрып жатқан шетелдік азаматтар жатады.

Шетелде «Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар Қазақстанда «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер) вакцинация курсын аяқтай алады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Жоғары қарай