Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Қарағанды облысында түнгі клубтар жұмыс істей алады

2021 жылдың 29 қазан 2021 21:28

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында түнгі клубтар демалыс күндері жұмысын қайта бастайды. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысына сәйкес клубтарға «Ashyq» жобасында «жасыл» мәртебесі бар келушілер кіре алады. Сондай-ақ, балалар үйлері мен медициналық-әлеуметтік нысандарға бару рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа Қаулыға сәйкес, облыстағы объектілер өз қызметін «сары» аймақ үшін бекітілген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады.

Түнгі клубтар «Ashyq» жүйесінде «жасыл» статусы бар келушілер үшін орын санын 70-тен асырмай, 50% дейін толымдылықпен жұмыс істей бастайды.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері «сары» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін рұқсат етіледі.

Демалыс күндері кәсіпорындарға қызметкерлері мен келушілерде «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинация; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуге жол беріледі.

Сондай-ақ, сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне, медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т.б.) келуге рұқсат етілді. Келушілерде COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжат немесе коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Жоғары қарай