Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылдық полицияның жеке құрамы күшейтілген режимге көшті

2020 жылдың 26 қараша 2020 02:20

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шарасын өткізуге полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлесіп жұмылдырылды.

«Осы кезеңде жеке құрам тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Пысықтау шеңберінде қала аумағында полиция жасақтарының шығу жиілігі артты. Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзбеушілік» аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, скверлерді, саяжай массивтерін және басқа да қоғамдық орындарды аралайды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын, оның ішінде құрылыс және сауда салаларында бұзушылықтарды анықтау бойынша тексерулер жүргізілуде. Сонымен қатар, азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдарға тексеру жүргізілуде», – деді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жайдар Құттыбаев.

Сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер ұрлаумен, басқа да ұрлық түрлерімен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД жедел бөлімшелерінің жұмысы жандандырылған.

Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы криминогендік жағдайды сауықтыруға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған.

Автор Сая Сембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай