Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жамбылдық орманшыларға 20 жаңа техника табыс етілді

2020 жылдың 1 шілде 2020 23:14

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесінде орман шаруашылығы ұжымдарында 20 жаңа техника кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орманшыларға берілген техникалардың 5-і «МТЗ-952» тракторы болса, 15-і автокөліктер. Салтанатты түрде көлік кілттерін табыстаған облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков саладағы мекемелеге барынша жағдай жасалынып жатқандығын алға тартып, соған сәйкес жұмыс та нәтижелі болатындығына сенім білдірді.





Еске сала кетейік, өңірде 2018-2019 жылдары мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюжеттен 515 миллион теңге (2018 жылы-230 млн теңге, 2019 жылы – 285 млн теңге) қаржы бөлініп, оған 85 дана техника мен 62 дана басқа да негізгі құрал-жабдықтар алынған болатын. Нәтижесінде мекемелердің материалдық-техникалармен қамтамасыз етілуі 65,5 пайызға жеткен.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 209 млн теңге қарастырылған десек, бұл қаражатқа 49 техника мен 51 негізгі құрал-жабдықтар алу жоспарланған.











Жоғары қарай