Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылдық құтқарушылар қар құрсауында қалған екі жүкті әйелге көмек көрсетті

2021 жылдың 11 наурыз 2021 04:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында құтқарушылар қарлы боранда қалған екі жүкті әйелді ауруханаға жеткізіп, көмек көрсеткен,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғандай, Жуалы ауданында болған дүлей боран кезінде құтқарушылар 2 жүкті әйелді аудан орталығына жеткізген.

Тарқатып айтсақ, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылынан жүкті әйелдерді алып, аудан орталығына жеткізбек болған жедел жәрдем қызметінің көлігі жол бойында қарлы боранда қалып қойған.

Оқиға орнына ТРЭКОЛ көлігімен жедел жеткен №7 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жүкті әйелдерді және медицина қызметкерлерін аудан орталығына жеткізген. Аудандық орталық аурухана басшылығы өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби шеберліктері және нәтижелі атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.




Айта кетейік, дәл сол күні Жуалы ауданында құтқарушылар 29 адамды қар құрсауынан құтқарып, жылыту пункттеріне жеткізген. Сондай-ақ жолда қалған бірнеше техниканы қардан сүйреп шығару жұмыстарын жүргізген.





Жоғары қарай