Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбылдағы жол апатынан зардап шеккен өзбекстандықтар үшін жедел желі іске қосылды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 19:53

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында болған ірі жол апатына қатысты жедел желі телефондары қосылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан 6 шақырым қашықтықта Алматы –Ташкент тасжолының 571 шақырымында жол апатына түскен Өзбекстан Республикасында тіркелген автобуста болған жолаушылар мен жүргізушілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша жедел желі телефондары ашылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрт сөндіру қызметінен барлығы 38 қызметкер мен 10 бірлік техника және Апаттар медицинасы орталығының 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиғаның нақты себептері құзырлы органдар анықтайды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Жедел желі телефондары 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67

Осыған дейін автобус пен трактор соқтығысып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Шу ауданында тәртіп сақшыларын жабыла ұрып кеткендердің ішін қыздар да бар екенін, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ арсеналының табылғаны туралы да жариялағанбыз.










Осыған дейін Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан «Қаракөз» шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ адамды анықтағанын жазғанбыз.

Полиция қызметкерлері 1976, 1992,1994 және 1990 жылдары туған алты жұмысшыны ұстады. Оның бесеуі - Жамбыл облысының, ал біреуі - Алматы облысының тұрғыны болып шықты.


Жоғары қарай