Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылдағы жарылыс туралы жалған ақпарат таратқан 26 жастағы жігіт ұсталды

2021 жылдың 27 тамыз 2021 23:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында болған төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысындағы жарылыстар туралы әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды. 27 тамызда интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында Instagram желісінде белгісіз біреудің дауыстық сүйемелдеумен видео жариялағаны анықталды. Ер адамның айтуы бойынша Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған жарылыстарды оның қуатына байланысты жою мүмкін емес, көптеген зардап шеккендер, оның ішінде дене мүшелері бөлшектеніп қалғандар да бар деген. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген хабарламада.

ІІМ мәлім еткендей, жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері облыстың 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады және күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы «Қоғамдық тәртіпті бұзу, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану қаупін тудыратын жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - дейді ведомстводан.

Сондай-ақ, ресми хабарламада ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуіне байланысты қосымша ақпараттың жариялауға болмайтындығы айтылған.


Жоғары қарай