Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала табылды

2021 жылдың 27 тамыз 2021 20:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында орын алған жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала аман-сау табылып ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27 тамыз күні сағат 10:15 шамасында Байзақ ауылында 5513 әскери бөлімі қызметкерлері патруль кезінде қатардағы әскер Н.Ж. Сақтапберген шамамен 2 жасар баланы байқап қалады. Қасында ата-анасы болмаған. Іздеу шарасы нәтижесінде баланың ата-анасы табылып, аман-есен тапсырылды», - деді делінген хабарламада.

Өз кезегінде баланың ата-анасы әскерилерге алғысын білдірген.




Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдегі жарылыстан кейін 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыс болмай тұрғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.



Жоғары қарай