Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылдағы шалғай ауылдарға «Таза жүрек» денсаулық керуені аттанды

2020 жылдың 23 қазан 2020 22:56

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Таза жүрек» керуені бастау алды. Керуен Тараз қаласынан облыстың аудан, ауылдарына қарай жол тартты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара«Волонтерлар жылына» орай облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Саулық» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылуда. Шалғай ауыл, аудан тұрғындарының денсаулықтарын тексеріп, қажетті ем шараларын өткізу мақсатында арнайы медициналық құралмен жабдықталған 7 денсаулық керуені әр елді мекенде 1 күннен аялдайды. Оның құрамында тәжірибелі кардиологтар мен волонтерлардан құралған мобильді топ тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетеді.

Керуеннің жолға шығу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысып, шараның маңыздылығын тілге тиек етіп, ақ халаттылар мен еріктілерге алғысын арнап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ аймақ басшысы коронавирустың ықтимал екінші толқынына деген дайындық барысы, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы тоқталып өтті.

Ал, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа керуеннің жұмысының мақсатын тілге тиек етті.

«Мобильді топ мүшелері арнайы құрылғымен жабдықталған көліктермен Тараз қаласы мен аудандарға жолға шығады. Топ өз қызметі шеңберінде елді мекендердегі жүректері ауыратын адамдарды анықтайды. Скринингтік тексеруді ұйымдастырады. Сонымен қатар, сауалнамалар жүргізіп және таратпа материалдарды үлестіреді»,-деді ол.








Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Медицина, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай