Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жамбылдағы мектептер мен колледждерде медпункт ашылды

2020 жылдың 13 шілде 2020 19:23

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының білім беру ұйымдары мен медицина қызметкерлері короновирусқа қарсы күресте бірлесе әрекет жасап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында індет жұқтырудың екі мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бүгінгідей қиын кезеңде медицина қызметкерлерінің иығына ауыр жүк түсіп отырғаны сөзсіз.

Эпидемиямен күрестегі өзекті мәселелердің бірі медициналық мамандардың жетіспеушілігі болып отыр. Осыған орай, облыстағы білім беру ұйымдарында халыққа медициналық көмек көрсетудің қосымша пункттері ашылып, оған білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін 123 медицина қызметкері тартылған.

Бүгінгі таңда орта мектептерден барлығы 80 маман, облыс колледждерінен 43 маман жұмылдырылып отыр. Тараз қаласы және облыстың барлық аудандарында орта және кіші медициналық қызметкерлер тұрғындарға кеңес беру, дәрі егу секілді қызметтерді тегін көрсетеді.

«Олар оқу жылы басталғанға дейін жұмыс істейді және міндетті түрде жалақы алатын болады», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов.


Жоғары қарай