Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Жамбылдағы маска шығаратын зауыт тәулік бойы жұмыс істеп тұр

2020 жылдың 21 наурыз 2020 21:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңірдегі бірқатар маңызды нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір басшысы алдымен жұмыс сапарымен Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы "Super Pharm" ЖШС фармацевтикалық зауытына барды. Бұл кәсіпорын 2010 жылы «Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында ашылған. Қазір таңда мұнда 150 адам еңбек етуде. Зауыт жылына 15 миллион медициналық бұйымдар шығарады десек, олардың қатарында бинттер, бахилалар, медициналық халаттар мен маскалар бар. Коронавирус пандемиясына байланысты кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшкен. Соның нәтижесінде медициналық маска өндірісі тәулігіне 20 мыңнан 70 мың данаға дейін артып отыр. Кәсіпорын өз өнімдерін Жамбыл облысына және еліміздің басқа аймақтарына өткізуде.

Жақында зауыттың екі жаңа корпусының құрылысы аяқталды, онда медициналық маскалар шығаратын тігін цехы орналасқан.

Бұдан соң облыс әкімі Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен көші-қон қызметі орталығына ат басын бұрды. Аталған мекеме қызметкерлері қолғаптармен, маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз етілген.

Арнайы медициналық пункттер ашылған. Карантинге байланысты цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша интернет арқылы қызмет ала алады. Қазір мұнда кеңес беру үшін колл-орталық жұмыс істейді, оған күн сайын 500-ден астам қоңырау түседі.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев медициналық пункті ашылған теміржол бекетінің жұмысын тексерді. Бекетте ақпараттық стендтер ілініп, дезинфекциялау шаралары орындалуда. Келуші азаматтардың термометриясы жүргізілуде.


Жоғары қарай