Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда жол апатынан 6 адам көз жұмды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 11:01

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қыркүйекте сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының «Алматы-Ташкент» тас жолының 476 шақырымында «Audi-А4» және «Toyota Camry» маркалы екі көлік соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. «Toyota Camry» автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен емдеу мекемелеріне жеткізілді», ө деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға,
Жоғары қарай