Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда жезөкшелер мен жеңгетайлар анықталды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 07:30

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «ТОҚТА, трафик!» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жеңгетайлықпен айналысқан әйел және жезөкшелікпен айналысқан төрт қыз есепке қойылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, шара аясында қоғамдық орындарда тиісу деректерімен 29 хаттама тіркелді, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұдан басқа, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлыққа үй-жайлар бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша бір хаттама жасалды.

«Тоқта, трафик!» жедел-алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты – адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық деректерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған.

Атап айтсақ, Тараз қаласының шағынаудандарының бірінде орналасқан сауықтыру кешенінде әкімші ретінде 45 жастағы әйел анықталды, ол қыздарға интим қызметтерін көрсету үшін притон ұйымдастырған. Барлық айыпталушылар ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дерегі бойынша басталған қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар Қордай ауданының 20 жастағы екі тұрғынын ұстады. Аталған тұрғындар ҚР аумағында болу уақытын ұзартқысы келетін шетелдік азаматтарға жалған құжаттар жасаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», – дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.


Жоғары қарай