Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбылда жаяу адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2022 жылдың 20 мамыр 2022 12:04

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ізін суытпай ұсталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 мамырда сағат 05:30 шамасында аудандық маңызы бар «Айша бибі-Қаратау» көлік жолының 3-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Белгісіз тұлға 45 жастағы ер адамды қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, нәтижесінде «Ауди-80» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі анықталып, ұсталды.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК- нің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Көлік тұраққа қойылды. Бірқатар тиісті сараптамалар кешені тағайындалды» делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылғандығы туралы жазған болатынбыз.

Ол бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталған.




Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай