Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда заңсыз сақталған 86 бірлік атыс қаруы тәркіленді

2020 жылдың 25 қараша 2020 03:31

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 89 бірлік заңсыз сақталған атыс қаруы тәркіленді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 7 қыркүйектен бастап Жамбыл облысының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджін арттыру, сондай-ақ азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша аталған іс-шаралар аясында, облыс аумағында тұрғылықты жері бойынша айналымда атыс қаруы бар 8 290 адам тексерілген.

«Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-не сәйкес, атыс қаруын сақтау ережелерін бұзудың 210 жағдайы ретке келтірілген. Бұдан басқа, азаматтарда қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз сақтауда тұрған заңсыз атыс қаруының 89 бірлігі тәркіленді. Процессуальдық шешім қабылдау және барлық тәркіленген қарудың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін баллистикалық сараптамалар тағайындалды»,-дейді ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Манас Әбдікәрім.

Сонымен қатар, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 29 647 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Облыс аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда, жедел-алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғаспақ.


Жоғары қарай