Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Жамбылда ұрланған көлікті ағаш арасына жасырып, Қырғызстанға апара жатқан жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 2 маусым 2020 19:51

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы шекарашылар жеңіл көлікті Қырғызстанға өткізбек болған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы 1 маусымда «Айша бибі» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетіндегі шекарашылар ұрланған «Мерседес-бенц» жеңіл көлігін Қырғызстанға алып өтпек болғандардың жолын кесті. Заңсыз шығару үшін қылмысты ұйымдастырушылар көлікті жүк көлігіне арамен кесілген ағаштардың ортасына жасырған. Жүргізушіде көлік құжаттары болмаған», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.




Комитеттің хабарлауынша, табылған жеңіл көлік Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

«Бұл – Айша бибі бекетіндегі көлікті жасырын алып өтпек болған екінші оқиға. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан аумағынан көлікті заңсыз шығаруға жол бермеуге көңіл бөледі» делінген хабарламада.


Жоғары қарай