Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда ұрланған 122 бас қой табылып, иесіне қайтарылды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 03:04

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында шаруа қожалығынан ұрланған 122 бас қой табылды, күдіктілер қолға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне осы ауданның 42 жастағы тұрғынынан фазендасынан 122 бас қой малы жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 млн. 880 мың теңгені құраған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының барысында фазендадан 15 шақырым құм жиегінен 109 бас малы табылып, иесіне қолхатпен қайтарылды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар Т.Рысқұлов ауданының 46 жастағы тұрғыны анықталды. Оған қоса, күдіктінің 41 жастағы сыбайласы бар екендігі белгілі болып, қазіргі таңда іздестірілуде. Ол Қырғыз Республикасының азаматы»,- делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, жедел іздестіру нәтижесінде қалған 13 бас қой Луговой ауылы маңынан табылып, иесіне қолхатпен қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай