Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбылда төтенше жағдай аяқталса да, терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 07:38

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанына қарамастан террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде терроризмге қарсы операциялар аяқталған жоқ. Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы хабарлады.

Штабтың мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок-бекеттердің жұмысы жалғасуда.

«Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке жол беріледі, оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, сондай-ақ, олардың қозғалысын уақытша шектеу немесе тыйым салу қарастырылады. Сондай-ақ, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады»,-делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды өтінді.

Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.


Жоғары қарай