Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбылда тағы 26 адам ұсталып, 13 қару-жарақ тәркіленді

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 16:21

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында кеше түнде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлері ұсталғандардан 7 Калашников автоматы, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркіленді.

Жалпы, облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2000 мыңға жуық.

Бүгінде оның 400-ге жуығы полицияға жеткізілді.

Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған.

Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандардан 97 бірлік қару-жарақ тәркіленді.

Олардың 142-іне әкімшілік іс қозғалған (110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9-ына айыппұл салынып, 23-іне ескерту берілген).


Жоғары қарай