Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда сыбайлас жемқорлық жыл сайын 20 пайызға төмендеуде

2021 жылдың 17 маусым 2021 07:40

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» тақырыбындағы онлайн-семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ ұйымдастырған онлайн-семинарға арнайы қатысты.

Семинарды «Жаңару» РҚБ төрағасы, еліміздің қоғам және саяси қайраткері Оралбай Әбдікәрімов жүргізіп отырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев ведомство қоғамдық институттармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. «Nur Otan» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестердің отырыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер көтеріліп, бизнес пен инвестицияларды қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы қолға алынып, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы іске қосылған, ол арқылы барлық адамдарға мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарларынан хабардар болуға мүмкіндік бар.

Әділхан Әшірбаев облыста сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының саны жыл сайын 20 пайызға төмендеп отырғанын баса айтты.

«Жаңару» РҚБ филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев өз сөзінде қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған «Парасат жолы» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жобаны жүзеге ақаннан бері облыс бойынша 190 іс-шара өткізілген. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасындағы 274 кітапханада «Парасат жолы» орталықтары ашылған.

Сондай-ақ, басқосуда мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Сұлтанхан Шәкір де өз ойын ортаға салды.


Жоғары қарай